рус қаз
Меню
Жаңалықтар
25.07.2018
«Сарыарқа 2018» облыстық жазғы Ауыл спартакиадасы нағыз спорт мерекесіне айналды.

Біріншілік шілденің 18-нен 21-не дейінгі аралықта Нұра кентінде Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналып өткізілді.

19.07.2018
Американдықтармен үш командалық кездесудің екеуінде қарағандылық палуандар жеңіске жетті.

Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта 13-15 шілде күндері Америка Құрама Штаттары студенттері құрамасының және Қарағанды облысы жастары командасының арсында еркін күрестен командалық кездесу болып өтті.

10.07.2018
«Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Ержан Шынкевті Қарағандыда құттықтады.

Еске сала кетейік, қазақ күресі жөніндегі республикалық біріншіліктің финалында аса мықты 35 палуан келген еді, соңғы сәтте оларға екі «Әскер Барысы» қосылды. 

25.06.2018
«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына Қарағанды облысының екі мықты палуаны қатысатын болды.

Қазақ күресінен іріктеу біріншілігі Қазақстанның 16 өңірінде өтті. 

06.06.2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 31 мамыр күні Қарағандыдан спорттық керуен аттанды

Өткен жылдың соңында өңір басшысы Ерлан Қошановпен кездесуде төртжылдықтың басты ойынының жүлдегерлерімен және оған қатысушылармен кездесуде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қарағандылық олимпиадашылар» кітабы мен фильмінің тұсаукесері өткізілген болатын

06.06.2018
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына Дмитрий Васильевич Карпов басшы болып тағайындалды.

Кадрлық өзгеріс туралы актив мәжілісінде өңір басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті. Облыс әкімі жаңадан тағайындалған басшыға алда тұрған міндеттер туралы айтып өтті.

16.05.2018
Қарағандыда облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлерінің бірінші Спартакиадасы болып өтті.

Жарысқа қатысушылар, олардың саны 500-ге жуық, біріншілікке дайындықтың және оны өткізудің жоғары деңгейін көрсетті. 

12.04.2018
Қарағандылық Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк спорттық акробатикадан әлем чемпионы атанды!

Осы жуырда ғана, яғни ақпан айында, бұл жұп Бкльгияда өткен Халықаралық турнирде таңдаулы атанған еді. 

06.04.2018
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, қалалық мәслихаттың депутаты Төлеген Әшімов өңір спорт мектептерінің басшыларымен, спорт жұртшылығы мен жастар өкілдерімен кездесті

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде сөйлеп, әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастаманы атап өтті. 

03.04.2018
Жуырда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану туралы семинар болып өтті. Оған өңірдегі спорт мектептерінің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану саласын реттейтін заңнамаларды толық және сауатты түсіндіру мақсатында, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына құқықтық жаппай оқыту жоспарының аясында семинар өткізу үшін облыс Ішкі саясат басқармасының идеологиялық насихат және әдістеме жұмыстары бөлімінің басшысы Әйгерім Исабекова арнайы шақырылды.

Беттер:



© 2018 ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области»
© 2018 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»