рус қаз
Меню

30.04.2020
«Adal kоmek» жобасының аясында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасарымен тікелей эфир өткізілді.

«Еріктілер жылы» аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамашылығымен «ADAL KОMEK» акциясы бастау алған еді, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осы жобасның аясында Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мен спорт басқармасы біріге отырып, Instagram желісіндегі @karsportregion парақшасында тікелей эфир ұйымдастырды. Онда ДШжСБ басшысының орынбасары Рустам Кожабеков ТЖ режіміндегі жағдай туралы айтып, форумға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ол үстіміздегі жылдың 4 наурзы күні бұйрық жарық көріп, коронавирустың алдын алу жөніндегі шараларды, спортшылар мен жаттықтырушылардың Қазақстаннан сырт жерлерге жарысқа және оқу-жаттығу жиындарына баруына болмайтындығы, облыс аумағында барлық спорт шараларын өткізуге тыйым салынғаны, барлық спорт мектептері жабылатындығы, жаттықтырушылардың қашықтық режіміне көшетіндігі Қарағанды өңіріндегі барлық мемлекеттік спорт ұйымдарының назарларына жеткізілгендігін еске салды. Бірақ жұмыстың тоқтап қалмағаны сөзсіз. Спорт мектептерінің отыз мыңнан астам тәрбиеленушілері, жетекші спортшылар өздерінің жаттықтырушыларынан қашықтықтан немес онлайн режімінде тапсырмалар алып, өздерінің дене үлгісін сақтап, жаңа жағдайда айналысуды жалғастыра берді.

Рустам Кожабековтың атап өткеніндей, коронавирустың таралуының бәсеңдеуіне қарай, өкілетті органдар төтенше жағдай режімін тоқтатқан жағдайда спорт шараларын өткізу туралы қосымша шешімдер қабылданатын болады.

ДШжСБ-ның өкілі тікелей эфирдің қатысушылары қойған көптеген сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде спорт мектептерінің жұмысын қашан жаңғыртатыны туралы мәселе көпшілікті толғандырғаны сөзсіз.

Саябақтар мен бақжолдары бойында жүгіруді бастауға асығып отырғандарға, Рустам Даулетұлы әзірше тек өзінің ауласында ғана, яғни бір жарым шақырым қашықтықтан ұзамай жаттығуға болатындығын түсіндірді. «Қазіргі күнге дейінгі қалыптасып отырған жағдайға байланысты қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысын бұрын бекітілген демалыс кестесінен тыс алуына бола ма?» деген сұрақ қойылды.

Көптеген сұрақтар қойылып, оған тиісінше жауаптар қайтарылғандығына қарап тікелей эфирдің тиімді өткенін аңғару қиын емес.

 


Вернуться назад



© 2020 ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области»
© 2020 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»