рус қаз
Меню

04.05.2020
Өңірдің спортшылары мен жаттықтырушылары Жеңістің 75 жылдығына арналған республикалық челлендждің қатысушысы болды.

Қазақстанда #AtamnynAmanaty75 жобасы іске қосылған болатын. Майдангерлердің ұрпақтары ардагерлер туралы бейнетаспа жазып, оларды әлеуметтік желілерге орналастыруда. Челленджге қатысушылар отбасылық архивінде сақталған, атасы, үлкен атасы немесе басқа да туыстары жазған хаттарды оқуына болады. Сол сияқты соғыс жылдарындағы, мәселен майдандағы, болмаса тылдағы өмір туралы қысқаша әңгіме айтуға, немесе аталарына ерлігі үшін алғысын білдіруге болады.

Қарағанды облысының спортшылары мен жаттықтырушылары челленджді қолдады! Апта бойы Жеңіс Күні қарсаңында Instagram желісінде @karsportregion және facebook.com/karsportpress парақшасында сіздер аталарының ерлігі жайлы шын жүректен айтқан сөздерін көріп, өздеріңіз бағалай аласыздар.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған #AtamnynAmanaty75 челленджді «Қазақстанның «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты» МЕҚБ-пен бірлесе отырып ұйымдастырушы AtamnynAmanaty қоғамдық бірлестігі.

«Бүгінгі күнгі еліміз, бүкіл әлем басынан өткеріп жатқан жағдай мен пандемияға қарамастан, біз алдымызда аса маңызды күн – Жеңістің 75 жылдығы келе жатқандығын ұмытқан жоқпыз. Сондықтан, #AtamnynAmanaty75 хэштегі астында әлеуметтік желіде челленджге жол аштық, - деп хабарлады медиа-коммуникация басқармасы мен «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» МЕҚБ PR. @karsportregion #AtamnynAmanaty75


Вернуться назад



© 2020 ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области»
© 2020 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»