рус қаз
Меню

08.05.2020
Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан олимпиадалық резерв мектебі ҚР қалалары мен облыстарының жаттықтырушылары арасында ашық біріншілік ұйымдастырды және өткізді.

Орнынан ұзындыққа секіру жөнінен республикалық онлайн турнир Қазақстан халқының Бірлігі күніне және Жеңістің 75 жылдығына арналды. Жарысқа Алматы, Көкшетау, Павлодар, Риддер, Қарағанды қалаларынан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан 38 жаттықтырушы қатысты.

- Біздің өңірден екі команда қатысты, - деп атап өтті Қарағанды облысы жеңіл атлетика ОМБЖОРМ басшысы Нұрлан Түсіпов. – Бұл жарыстың жұлдызды қатысушыларын атап өтуге тұрарлық. Мәселен, жеңіс үшін турнирде ҚР аға жаттықтырушылары Павлодардан Роман Валиев пен Алматыдан Сергей Тулапин және басқа да атақты тәлімгерлер күш сынасты. Дұрысын айтқанда біріншілік тартысты өтті. Онда еліміздің таңдаулы жаттықтырушы-оқытушылары рахат сезіммен жарысқа түсті. Онлайн турнирде бірінші орынды  10 м  01 см нәтижеге ие болған Қарағанды-1 командасы (Ж.Ахметов – 290 см, В.Ризен – 270 см, А.Смағұлова – 228 см, С.Казанина – 2013 см) бірінші орын алды. Екінші орынға Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы (9 м 93 см) ие болды. Көкшетау қаласынан келген жаттықтырушылар үшінші нәтиже (9 м 46 см) көрсетті.

Жекелей біріншілікте ерлер арасында Жандос Ахметов (Қарағанды қ. 290 см) бірінші, Евгений Клеев (Петропавл қ., 287 см) екінші орынды иеленіп, үшінші орынды Константин Сафронов (Павлодар қ., 270 см) пен Владислав Фризен (Қарағанды қ., 270 см) бөлісті.

Әйелдер арасында бірінші орынды Оксана Дзолба (Алматы қ., 242 см) жеңіп алды, екінші орынға Светлана Кузнецова (Петропавловск қ., 230 см), ал үшінші орынға Алуа Смағұлова (Қарағанды қ., 228 см) шықты.


Вернуться назад



© 2020 ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области»
© 2020 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»