рус қаз
Меню

18.05.2020
Карантин режімі бойынша одан арғы шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 11 мамырдағы төтенше жағдайлар режімінің аяқталуы туралы мәлімдемесіне, сол сияқты Қарағанды облысы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №21-қ қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына адамдардың (Теміртау қ. басқа):

- Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен штаттан тыс қызметкерлерінің;

- бағыныстағы мекемелердің әкімшілік-басқарушы персоналының;

- жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушылары (жоғары спорт шеберлігі топтарының) жаттықтырушыларының жұмысқа шығуы қамтамасыз етілсін.

2. Үстіміздегі жылдың 18 мамырынан бастап (Теміртау қ. басқа):  

- спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының (негізгі құрам) мүшелері;

- жоғары спорт шеберлігі мектебі;

- «Шахтер» ФК» АҚ, «Сары-Арқа» ХК» ЖШС, «Қарағанды» волейбол клубы» кәсіби клубтары (негізгі құрам);

- жоғары спорт шеберлігі топтары жалғастырады.

Жаттығу үрдісі кезінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып 30 адамға дейін ғана қатысады.

3. Көрермендердің қатысуымен жарыстар, бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынады.

4. Қарағанды облысы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырда бекіткен №21-қ қаулысындағы спорттық-сауықтыру мақсатындағы (бассейндерден басқа) нысандардың жұмысының алғышартына сәйкес санитарлық нормаларды сақтай отырып, жаттығу процесі кезінде 30 адамнан артық айналыспауды қамтамасыз ету үшін спорт нысандарының жұмысы (бассейндерден басқа) (Теміртау қ. басқа) қайтадан жандандырылсын.

 

Қарағанды облысы ДШжәнеСБ басшысы Т. Абылаев 


Вернуться назад



© 2020 ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области»
© 2020 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»