рус қаз
Меню

22.05.2020
Бұл Қарағанды жеңіл атлетика мектебі ұйымдастырған онлайн халықаралық турнирге атақты Муравьевтің немере інісі және Олимпиада ойындарының болгариялық чемпион қызы қатысты.

Ұзындыққа секіру бойынша жаттықтырушылар арасындағы біріншілік мамыр айының 11-нен 20-на дейінгі аралықта өткен болатын. Бұған дейін жеңіл атлетикадан облыстың олимпиадалық резерв мектебі сондай республикалық жарысты табысты өткізген еді. «Бұдан соң халықаралық қашықтық турниріне қол созған болатынбыз. Әрине, оны ұйымдастыру және өткізу күрделі екендігі белгілі. Дегенмен бізде бәрі де жақсы өтті. Біріншілік Жеңістің 75 жылдығына және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналды», - деп атап өтті мектеп басшысы Нұрлан Түсіпов. Жарысқа жеті елден: Ресейден, Тәжікстаннан, Германиядан, Франциядан, Болгариядан, Армения мен Қазақстаннан барлығы 23 адам қатысты.

Ерлер арасындағы жекелей біріншілікте қарағандылық жаттықтырушы Жандос Ахметов (296 см) бірінші орынды жеңіп алды. Оның республикалық турнирде де жеңімпаз болғандығын айта кету керек. Бұл тәлімгер өзінің тәрбиеленушілеріне жекелей ісімен үлгі болуда! Екінші орынға Евгений Клеев (Қазақстан, 293 см), үшінші орынға Вячеслав Муравьев (Германия) пен Размик Мкртчян (Армения, 270 см) шықты. Әйелдер арасында Оксана Дзолбаның (Қазақстан, 253 см) көрсеткіші үздік болды, екінші орынға Кристина Пронженко (Тәжікстан, 250 см), үшінші орынға  Диляра Әбуова (Қазақстан, 246 см) ие болды.

Командалық есепте құрамында Жандос Ахметов, Евгений Клеев, Диляра Әбуова және Оксана Дзолба бар Қазақстанның құрамасы 10 м 88 см көрсеткішке жетіп, жеңіс тұғырына сеніммен көтерілді. Екінші орынды 9 м 21 см көрсеткішпен құрамында Тереза Маринова, Поли Митова, Пламен Нягин және Ивайло Лазаров бар Болгария құрамасы иеленді. Үшінші орынға 8 м 81 см көрсеткішпен құрамында Джамшед Расулов, Гулом Аликулов, Кристина Пронженко және Муниса Мирзоева бар Тәжікстан құрамасы шықты. Атап өтуге тұрарлық бір оқиға жарысқа 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадалық ойындардың үштік секіруден чемпионы болгариялық Тереза Маринованың және атақты қарағандылық спортшы, Олимпиадалық ойындардың екі мәрте чемпионы Владимир Муравьевтің немере інісі – Вячеслав Муравьевтің қатысуы еді. Бұл жолы Вячеслав Германияның атынан өнер көрсетті. Ерекше айтарлығы – турнир аса жоғары деңгейде, достық ахуалда өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер электронды дипломдармен, ал қатысушылар электронды сертификаттармен марапатталды.

 


Вернуться назад



© 2020 ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области»
© 2020 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»